Мектеп құжаттарының жүргізілуі туралы.
Мектеп құжаттары –
мұғалімнің айнасы іспетті. Құжаттар дұрыс жүргізілсе, ол мұғалім жақсы мұғалім
болып есептеледі. Егер құжатта қате кетсе, ол мұғалімнің өз ісіне немқұрайлы
қарайтындығын көрсетеді. Сондықтан құжаттарға мұқият болу керек.
1. Сынып
журналы
1. Сынып
журналы мемлекеттік құжат болып табылады. Оны әрбір мұғалім дұрыс, қатесіз,
ұқыпты жүргізе білуі тиіс.
2. Сынып
журналына жазылатын жазулар өте анық, түсінікті, мүмкіндігінше бір түсті қара
сиямен жазылғаны дұрыс.
3. Мұғалім күнделікті сабақта оқушы білімін
бағалап, сабаққа қатысуын мұқият бақылап, белгілеп отыру керек. Міндетті түрде
оқушы туралы сыныптан, сынып жетекшісінен анығын білу керек.
4. Қосарланған
сабақтар болғанда әрбір сабақтың тақырыбы, күні міндетті түрде жазылып отыруы
тиіс. Сонымен қатар, тақырыпты екі жолға жазуға болмайды.
5. Жазба
жұмыстарының бағасы сол күнге қойылады.
6. Практикалық,
зертханалық, бақылау жұмыстарының сағаты мен тақырыбы нақты көрсетіледі.
7. Журналды
бүлдіруге, өшіруге, бояуға, бағаны түзетуге қатаң тыйым салынады.
8. Тәртібі
үшін сабаққа баға қоймаңыз! Сондықтан әрбір жазуда мұқият болыңыз.
2. Күнтізбелік
жоспар.
1. Сағат
сандары
2. Тақырыбы
толық
3. Өтілу
мерзімі
4. Қолданылатын
әдістер
5. Қосымша
материалдар
6. Үй
тапсырмалары
Мүмкіндігінше анық көрсетіліп,
толтырылуы тиіс. Күнтізбелік жоспардағы мерзім мен тақырып сынып журналымен
бірдей болуы қажет. Күнтізбелік жоспар әдістемелік бірлестік отырысында қаралып,
1 қыркүйекке дейін бекітілуі тиіс.
3. Сабақ
жоспары.
Сабақ жоспары – мұғалімнің
сабаққа дайындығын көрсетеді. Онда сабақтың тақырыбы, мақсаты, типі,
қолданылатын әдіс, көрнекілігі, пәнаралық байланысы анық көрсетіледі. Сабақ
барысында
-сабақта айтылатын мәселе
-шығарылатын есеп
-жазылатын жазу
-талдау жолдары
-қажетті сұрақтар
-үйге тапсырма
-қорытындысы
толық, нақты көрсетіледі.
4. Дәптер
тексеру.
Дәптер тексеру де үлкен мән
беретін жұмыс.
1. Жазба
жұмыстарының түрлері, жиілігі, жүйесі бағдарламаға сай болуы шарт.
2. Жазба
жұмыстарының көлемі мен қиындығы ескерілуі қажет.
3. Мазмұнында,
диктант, шығарма жұмыстарының түрлеоін өзгертіп отыруы жүелі түрде болу керек.
4. Дәптерлердің
сыртқы түрі мен ішкі жазулары орфографиялық ережеге сай болуы тиіс.
5. Жазу
полиграфиясы ескеріліп, оны жақсарту жолында талмай жұмыс жасай білуі керек.
6. Дәптер
мүмкіндігінше жиі, мұқият тексеріліп отыру қажет.
5. Оқушының
жеке іс-қағаздары.
Оқушының жеке іс-қағазы толтыру
кезінде:
А) оқушының туу туралы куәлігі
Ә) ата-анасының өтініші
Б) оқушының 3х4 суреті
В) №086 денсаулық парағы
Г) әрбір сыныпты бітірген тәбелі
Сынып оқушыларының жеке іс қағаз
барысында оқушылардың тізімі, аты-жөні, туылған күні, айы, жылы, ұлты,
ата-анасы, мекен-жайы көрсетілуі қажет. Мүмкіндігінше алфавиттік нөмірі, бұйрығы
болғаны дұрыс.
Оқушы күнделігі сабақ кестесі бойынша
толтырылып пән мұғалімдерінің аты-жөні, ата-ана қолы, бағалары қойылып
отырады.
|