Пятница, 17.05.2024, 02:43
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Каталог статей | Регистрация | Вход
Меню сайта
Форма входа
Категории раздела
Мои статьи [48]
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Жамбыл ауданының Әсет Бейсеуов атындағы орта мектебі
    Главная » Статьи » Мои статьи

    Мектеп тарихы

    Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп

    мектепке дейінгі шағын орталығының тарихы

     

             Қай халықтың болса да ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өсіп дамуы үшін білім қажет. Ал білім мектеп табалдырығынан бастау алады. Ол үшін мектеп қажет. Осындай қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында Қарғалы жерінде 1926 жылы Майбұлақ аймағында Ленин атындағы 8 жылдық мектеп ашылды. Бұл жерде бұрын сиыр фермасы болып, Ырысалды деген тілмаш апамыздың үйі болған. Ол үй ағаштан салынған, сол кездегі ең әдемі үй болып есептелінгендіктен осы үйді мектеп етіп ашуды ұйғарған. Алғаш мектеп болып ашылғанда, бөлме жетіспегендіктен, ұстаз жоқтығынан, 7-13 жастағы балалар бірге оқыған. Алғашқы мұғалім де сол Ырысалды апай болған.

             Соғыс жылдарында бұл мектеп Серік молданың мешітіне көшіріліп, соғыстан соң «Майбұлақ» аймағының орталығында орналасқан шағын үйге көшіріліп (қазір бұл орында «Майбұлақ» дүкені бар), 1950-1957 жылдар аралығында бастауыш сынып болып құрылып, 1957-1961 жылдары 7 жылдық мектепке ауысады. Осы жылдарда Чинтаев Малай бастауыш мектеп меңгерушісі қызметін атқарды.

             Енді сегіз жылдық мектептер ашу ісі қолға алынғанда бұл мектеп те 1961 жылы Ленин атындағы 8 жылдық мектеп болып қайта құрылды. Ол қазіргі мектептің артқы алаңында орналасқан ескі мектепте болды. Ол мектептің директоры болып  Бесбай Бейсенов болды, ол кісіден кейін Тұрсынбек Ешенқұлов басқарды.

             1983 жылы Абиева Клара Хайруллаевна директор болып тағайындалып, осы кісінің басшылығымен және Социалистік Еңбек Ері Құдыс Абсеметұлының қолдап көмек беріп жүгіруімен 1984 жылы үш қабатты, 624 орындық жаңа мектеп салынды. Бұл еңбектері, жанашырлықтары үшін аталған кісілерге алғыс шексіз.

     

    Категория: Мои статьи | Добавил: comp (28.11.2011)
    Просмотров: 2249 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Сделать бесплатный сайт с uCozCopyright MyCorp © 2024